ОҢТАЕВ  БЕЙСЕН 

ОҢТАЕВ  БЕЙСЕН 

Кеңес Одағының Батыры

Оңтаев  Бейсен Сейітұлы 1922 жылы Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында дүниеге келген.  Ол – соғыс және еңбек ардагері. Соғысқа дейін Шымкентте ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, Отырар, Мақтарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеді. 1942 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Қызыл тулы 69-Севск атқыштар дивизиясының 120-полкі құрамында соғысқа қатысты. Днепрден өту кезіндегі ұрыста барлаушы  Оңтаев асқан ерлік пен батырлық көрсетті. Осы ерлігі үшін Б.С.Оңтаевқа 1943 жылдың 30 қазанында Кеңес Одағының Батыры құрметті атағы берілді. Б.С.Оңтаев соғыстан кейін Шымкент мұғалімдер институтын бітірді. Ұзақ жылдар мектеп директоры болып қызмет істеді. Б.С.Оңтаев Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз  ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Туған ауылына, ондағы орта мектепке есімі берілген.