АЛМАТОВ ЖҮСІП

АЛМАТОВ ЖҮСІП

физика ғылымдарының кандидаты, профессор

Алматов Жүсіп Қадырұлы Шымкент педагогикалық  институтының физика-математика  факультетін 1961 жылы бітіріп, осы институтта физика кафедрасының оқытушысы болып еңбек жолын бастаған.

1975 жылы «Сравнительные исследования в области фотографических и фотоэлектрических  методов атомно-абсорбционного определения следов элементов» деген тақырыпта кандидаттық  диссертация қорғады. 1979 жылы теориялық физика және механика кафедрасының доценті ғылыми атағын алған. 1977-1981 жылдары институттың дайындық бөлімінің меңгерушісі, 1981-1992 жылдары физика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1980 жылы «ҚССР халық ағарту ісінің үздігі» атанды.  1987 жылы Совет Одағының жоғарғы білім беру саласындағы жетістіктері үшін «За отличные успехи в работе» белгісімен, 1991 жылы «Ы.Алтынсарин» медалімен, 1995 жылы Шымкент қалалық мәслихатының Грамотасымен марапатталды.

2001 жылы ХҚТУ Президенті О.Сабденнің, 2003 жылы ХҚТУ Президенті С.Ж.Пірәлиевтің, 2005 жылы ХҚТУ ШИ директоры Л.Т.Ташимовтың Алғыс хаттарымен марапатталып, 2006 жылы  «Үздік тәлімгер» атанды.

Кейінгі жылдары  Ж.Қ.Алматовтың жетекшілігімен орындалған студенттердің және оқушылардың ғылыми жұмыстары облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері болды.

Қазіргі кезде жоғары және орта мектептерде физиканы оқытуды жетілдіру мәселелерімен шұғылдануда. Жарық көрген 82 еңбегі, оның ішінде 1 оқулық және 11 оқу-әдістемелік құралы бар.