ШАРУА ПІРМАТ

ШАРУА ПІРМАТ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Шаруа Пірмат 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, бұрынғы Қажымұхан атындағы кеңшардың Коммунизм бөлімшесінде дүниеге келген. 1960 жылы Түлкібас ауданындағы Абай атындағы орта мектепті, 1965 жылы Шымкент педагогика институтын бітірген. Педагогикалық еңбек жолын 1965 жылы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастады, 1966-1992 жылдары Шымкент педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, факультет деканы қызметтерін атқарды. 1984 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1988 жылы доцент ғылыми атағын алды. 1992-1994 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 1994-1996 жылдарда жоғары кәсіптік техникалық училище директоры, 1996-1998 жылдары облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры қызметтерінде болды. Қазіргі кезде Алматы үздіксіз білім беру университеті Шымкент филиалының директоры, «Діл» газетінің бас редакторы.

Ш.Пірмат Халықаралық ақпараттандыру ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

1987 жылы ҚазақКСР Білім министрлігінің, 1997 жылы облыстық маслихаттың мақтау грамотасымен марапатталған.