МОЛДАНОВА ЖАЗИРА

МОЛДАНОВА ЖАЗИРА

Молданова Жазира Ілесқызы 1979 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2000 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін үздік бітірген соң, осы оқу орнының түркітаным кафедрасында лаборант, кейінірек оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды.

П.ғ.д., профессор Г.Еркебаеваның жетекшілігімен «Кірме сөздер арқылы орыс бөлімінде оқитын студенттердің тілін дамыту әдістемесі» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде.

«Диктанттар жинағы» (Б.Ысқақ, С.Байменовамен бірге),  «Қазақ тілінен тест тапсырмалары» (Б.Ысқақпен бірге), «Кірме сөздер сөздігі» (Г.Еркебаевамен бірге)   атты еңбектері жарық көрді. Зерттеу жұмысы бойынша 15 ғылыми мақала  жариялаған.

Ж.І.Молданова 2011 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика институты қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы және филология факультеті деканының орынбасары қызметін атқарады. «Қазақ тілі (орыс топтарында)», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Іскерлік қазақ тілі» пәндерінен дәріс береді.