АЛДИЯРОВ АХМЕТЖАН

АЛДИЯРОВ АХМЕТЖАН

тарих ғылымдарының кандидаты

Алдияров Ахметжан Жұмаділләұлы 1955 жылы Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Табақсай ауылында дүниеге келген. 1963  жылы Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепке барып, 1973 жылы осы қаладағы А.Пушкин атындағы орта мектепті бітірді. 1973 жылы Н.Крупская атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетіне оқуға түсті. 1978 жылы оқуды бітірген соң, Қазақ КСР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының құрамында Шымкент педагогикалық институтының ізденушісі болып еңбек жолын бастайды. 

1981-1982 жылдары Шымкент педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасында лаборант болып қызмет істеді. 1981-1984 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында оқыды. 1984-1988 жылдары Шымкент педагогикалық институтында «Пионер-комсомол жұмыстарының теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, 1988-1995 жылдары педагогика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметтерін атқарды.

А.Ж.Алдияров 1989 жылы Қазақ КСР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында «История строительства и развития Шымкентского ордена Трудового Красного Знамени цементного завода имени В.И.Ленина (1955-1980 гг.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1995-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ бүкіләлем тарихы, Қазақстан және әлем тарихы кафедраларының аға оқытушысы қызметін атқарды.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақсан мемлекеттік педагогикалық институтының психология кафедрасының аға оқытушысы  қызметін  атқаруда.