ТҰРАШБЕКОВ ӘБДІЖАПБАР

ТҰРАШБЕКОВ ӘБДІЖАПБАР

философия ғылымдарының кандидаты

Тұрашбеков Әбдіжапбар 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1971-1976 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқып білім алды. Еңбек жолын 1976 жылы Төлеби ауданындағы №9 кәсіптік-техникалық училищеде мұғалім болып бастады. 1977 жылы аудандық және облыстық комсомол комитетінде қызмет атқарды. 1978-1983 жылдары халықаралық «Спутник» жастар туризмі комитетінің төрағасы болды. 1986 жылдан Шымкент мәдениет институтында  оқытушы болып еңбек етті.

1989 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта кандидаттық диссертация қорғады. 1989-2001 жылдары іскерлер және кооперация қызметкерлері кәсіподағы облыстық кеңесінің төрағасы, 2001-2006 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың аға оқытушысы қызметінде болды. 2006-2010 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ тарих факультетінің философия кафедрасында ұстаздық қызмет атқарды.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының география және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті қызметін атқаруда.