РАХАШЕВ БАҚЫТҒАЛИ

РАХАШЕВ БАҚЫТҒАЛИ

физика-математика ғылымдарының кандидаты

Рахашев Бақытғали Құрманәліұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1977-1988 жылдар аралығында Түлкібас ауданындағы С.Сейфуллин атындағы №15 орта мектепте білім алып, 1988 жылы Шымкент педагогикалық институты физика-математика факультетінің физика және информатика  мамандығына студент қатарына қабылданды. 1993 жылы аталған мамандықты қызыл дипломмен бітіріп, сол жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің физика кафедрасында аға лаборант ретінде еңбек жолын бастады. 2003-2006 жылдары аталған оқу орнының физика-математика факультеті деканының орынбасары, 2006-2009 жылдары факультеттің офис тіркеушісі қызметтерін атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының базасында ғылыми жұмыстар жүргізіп, Д.60.01.01 диссертациялық кеңесте «Исследование обратного мартенситного α/→γ превращения в облученных высокоэнергетическими частицами деформированных нержавеющих сталях 12Х18Н10Т и 08Х16Н11М3» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

 Бүгінгі күнге дейін Б.Рахашевтің 50-ге жуық ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдары арнайы басылымдарда жарық көрді.