АЛПАМЫСОВА ГҮЛЖАЙНА

АЛПАМЫСОВА ГҮЛЖАЙНА

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

 Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келді. Созақ ауылындағы орта мектепті 1988 бітірген соң,  М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға қабылданды. 1994 жылы аталған жоғары оқу орнын химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.

1994 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды.

1996-2002 жылдары “Сырдария” университетінде оқытушы, декан орынбасары қызметтерін атқарды.

 2002 жылы Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университетінде аға оқытушы,  2003-2005 жылдары оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

 2004 жылы Оңтүстік Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығының диссертациялық кеңесінде «Әр түсті қаракөл қойының постнатальды даму кезеңіндегі жамылғы жүн түсінің өзгеруі» деген тақырыпта «Ауыл шаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі» мамандығынан кандидаттық диссертациясын қорғады.

2005-2009 жылдары Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетте оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2009-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің биология кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет етті.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының биология кафедрасының  меңгерушісі. Осы уақытқа дейін Г. Алпамысованың 35 ғылыми еңбегі жарыққа шықты. Оның ішінде  2 оқу, 16 оқу-әдістемелік құралы бар. 17 ғылыми мақаласы аймақтық, республикалық басылымдарында жарияланды.