БӘКІРОВА ГҮЛМИРА

БӘКІРОВА ГҮЛМИРА

педагогика ғылымдарының кандидаты

Бәкірова Гүлмира Әбілпатташқызы 1974 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қарғалы ауылында туылған. 1991 жылы Қ.Әбдіқадыров атындағы №241 қазақ орта мектебін үздік бітірді. 1991 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының инженер-педагогика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы «Жалпы техникалық пәндер және еңбек» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің магистратурасына түсіп, 2002 жылы педагогика мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 

1998 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқу шебері, 2002 жылдың қыркүйек айынан оқытушы, 2007 жылдың қыркүйек айынан аға оқытушы қызметін атқаруда.

2011 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары»  тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Барлығы 50-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Оның ішінде кәсіптік білім мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары, «Тігін ісінің құрал жабдығы» оқу құралы, «Сән психологиясы», «Киім бөлшектерін өңдеу» электронды оқулықтары мен 9 виртуальды лабораторялық жұмыстары іс-тәжірибеге ендірілген.