НИЯЗОВ ТАЛҒАТ

НИЯЗОВ ТАЛҒАТ

экономика ғылымдарының кандидаты, профессор                                         

 Ниязов Талғат Жақсыбайұлы 1971 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданы Свердлов колхозыныңда шаруа жанұясында дүниеге келген.

1989 жылы Ташкент облысы Коммунистік ауданындағы №2 орта мектебін бітірді.

1989-1994 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқып, оны математика және есептеуіш техникасы мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оқытушылық қызметтен бастады. 1998-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі (қаржы полициясында) органдарында қызмет атқарған.

2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы Д14.61.15 Диссертациялық Кеңесте экономика және халықшаруашылығын басқару мамандығы бойынша кандидаттық, ал 2010 жылдың қазан айында докторлық диссертацияларын қорғады.

2008 жылдан бастап Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 2010 жылдың 20  желтоқсанынан бастап аталған университеттің ректоры қызметін атқарып келеді.  

Талғат Жақсыбайұлы Ниязовтың 70-тен астам ғылыми еңбегі бар. Оның ішінде 10-ға жуық монографиялар мен оқу-әдістемелік құралдар жазылды. Соның ішінде монографиялары:

-«Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру мәселелері»- Шымкент: Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті,  2009 жылы

-«Экономика салаларын мемлекеттік реттеудің басты механизмі: бюджеттік саясатты жетілдіру мәселелері».-Шымкент: «Жебе Дизайн»,  2009 жылы

-«Экономическая оценка влияния налоговых механизмов на инвестиционную деятельность предприятия».-Шымкент:Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті, 2009 жылы

-«Механизмы государственного регулирования инвестиции в экономической деятельности Республики Казахстан».-Шымкент: Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті, 2009 жылы

-Қазақстанның экономикалық қызметін мемлекеттік реттеудегі фискалды саясат тетіктерін жетілдіру.- Шымкент: Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті, 2009 жылы

Ниязов Талғат Жақсыбайұлының ғылыми жетекшілігімен 2 ізденуші Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғады.