ІЗТАЕВ ЖАЛҒАСБЕК

ІЗТАЕВ ЖАЛҒАСБЕК

педагогика ғылымдарының кандидаты

Ізтаев Жалғасбек Дулатұлы 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ кеңшарына қарасты Таскешу ауылында туған. 1988 жылы Көмешбұлақ ауылындағы орта мектепті бітірді.

1988–1993 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқыған.

1993-1994 жылдары Ж.Аймауытов атындағы №64 орта мектепте математика және информатика пәнінің мұғалімі, 1994-1998 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында математика және информатика кафедрасында оқытушы қызметін атқарған. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, информатика кафедрасының меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының бастығы қызметтерін атқарды.

2007 жылы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.Рахымбек пен п.ғ.к., доцент Н.Мадияровтың  жетекшілігімен «Болашақ математика мұғалімдерін жалпы шолу сабақтарын өткізуге дайындау» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ж.Д.Ізтаевтың 40 ғылыми мақаласы, 8 оқу-әдістемелік құралы, 1 оқу құралы жарық көрген. Атап айтқанда: “Студенттердің өз бетінше жұмысының  математика мұғалімін кәсіптік дайындаудағы орыны” (1997), “Информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері” (2004), “Информатика (лабораториялық жұмыстар жинағы)” (2003), “Информатика пәні бойынша тест сұрақтарының жинағы” (2005), “Информатика  пәнінен зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы” (2006), “Operation systemis the software component of a computer system” (2008), “Динамикалық интерфейсті WEB-құжатта PHP–скриптен пайдалану технологиясы” (2010)  атты оқулықтары мен оқу құралдары жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде қолданылып келеді.