Оқу әдістемелік жұмыстар

2019-2020 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстары

         - Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін  арттыратын Республикалық институт Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚ ЖОО педагогикалық мамандары оқытушыларының Ұлттық білім жетілдіру орталығында 2019 жылдың  28.10.2019 – 08.11.2019 ж. аралығында   онлайн сабақтар,  11.11.2019–06.12.2019 жыл  аралығында  «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында ЖОО профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігін арттыру бағдарламасы»  бойынша  240 сағат көлеміндегі біліктілік курсына қатысқан профессор-оқытушылар құрамы.

Факультеті

Оқытушының аты-жөні

Кафедрасы

Курстың аты

Мерзімі

1

Педагогика-гуманитарлық

Оразбаева Эльмира Бейсенбаевна

Бастауышта оқыту әдістемесі

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында ЖОО профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігін арттыру бағдарламасы

28.10.2019–08.11.2019ж. аралығында онлайн сабақтар,

11.11.2019–06.12.2019ж. Нұр-сұлтан қаласы. 

2

Сауытбаева Индира Дүйсенәліқызы

3

Әсілхан Назерке Жарқынбекқызы

Тілеуова Сәулеш Сабырбекқызы 2019 жылы қараша айында Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ұйымдастырған Республикалық тәуелсіз «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанып, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, куәлік жән сертификатпен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік студент» жобасы аясында Қазақстан ғалымдар Конгресінің қолдауымен шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің жеңімпаз жүлдегері ретінде кітап жинағына 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4-курс 102-16 оқу тобының студенттері Әбжапбар Назым Талғатқызы, Сейтқасым Гүлбану Асқарқызы және 102-26 оқу тобының студенті Дәрібай Сымбат Нұрболатқызы конференцияға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты республикалық байқауының жеңімпазы Ақынова Ләззат Айтжанқызы марапатталды.

2019 жылдың 15-29 қараша күндері аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және оларды ЖОО білім беруде пайдаланудың өзекті мәселелері» атты  тақырыпта Рухани жаңғыру орталығында семинар өткізілді.

Ұстаз тілегі сайтында жарияланған мақалалар бойынша бірнеше оқытушы сертификат алды.

2019-2020 оқу жылында бірнеше оқу-әдістемелік нұсқаулар шықты

5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3 курс, 102-17 тобының студенттерінде «Жаратылыстану негіздері» пәнінен  «Ғалам және жер»  тақырыбындағы Л.А. Ақынова ашық сабақ өткізді. Сабақта интербелсенді – диалог, баяндау, тірек сызба нұсқасы мен талдау жұмыстары, белсенді тапсырма,  көрнекіліктер (глобус, тенллурий, ғаламшарлардың түлі түсті суреттері) бағалау әдіс-тәсілдер мен оқыту  формасын  қолданды.

Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының

2018-2019 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстары

2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың «Деңгейлік білім негізіндегі тренерлік курстары» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы бойынша  А.Т.Мирзакулова және Н.С.Исалиева біліктіліктерін  арттырып, сертификат алды.

Жалпы 2018-2019 оқу жылының 15.10.18– 03.05.2019 ж. аралығында 6 оқытушы біліктілігін арттыру курсына барып, сертификатқа ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдерінің пәндері бойынша, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» курсын 22.04.2019-03.05.2019 жж.күндер аралығында И.Д. Сауытбаева және А.Д. Копабаева Нұр-Сұлтан қаласында біліктіліктерін арттырып, сертификат алды.  ҚР БЖҒМ-нің ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» курсын Шымкент қаласында Оразбаева Э.Б. және Байымбетова Ж.А. біліктіліктерін арттырып келді. Оның нәтижесі №8 тіркемеде берілген.

Оқытушының аты-жөні 

Біліктілігін жоғарылату орны

Біліктілігін жоғарылату  түрі

Ұзақтығы және көлемі

 
 

1

Мирзакулова А.Т.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарының професссор-оқытушы құрамын оқыту бағдарламасы бойынша курсы

15.10.18-30.11.18.

232 сағат

 

2

Ж.Байымбетова Э.Б. Оразбаева

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы,  Шымкент

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы ЖОО-дағы заманауи педагогикалық технологиялар» атты оқу курсы

1.04.19-

17.05.19жж.

260 сағат

 

3

Исалиева Н.С.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша курсы

02.03.2019 – 17.03.2019 жж.

06.04.2019-21.04.2019жж.  232 сағат

 

4

Оразбаева Э.Б.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы

«Қазіргі жағдайда инклюзивті білім беру» атты  курсы

24.04.2019ж.

72 сағат

 

5

Сауытбаева И.Д. Копабаева А.Д.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана

 Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында шеңберінде  педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсы

22.04.2019-03.05.2019 жж.

 

 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін «5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ХI Республикалық пәндік олимпида SILKWAY Халықаралық университеті базасында 2019 жылдың 11-12 сәуір күндері өткізілген пәндік олимпидадан «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының 2-3 курс студенттері қатысып,  SMART және ВИКТОРИЯ  командалары ІІ  жүлделі орынмен оралды.

«7М01-Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасында 2019 жылдың 10-12 сәуір күндері өткізілген пәндік олимпидадан «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының магистранттары қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

2018-2019 оқу жылының 5 семестр 1-жартыжылдығында академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және іске асыру мақсатында 102-26 оқу тобының 3-курс студенті Дәрібай Сымбат Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университетінде білім алып келді. 

 «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы ішкі академиялық ұтқырлық аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. А.Н. Кошербаева 1,3-курс студенттері үшін «Бастауыш білім берудегі ииновация», «Бастауыш білім педагогикасы» пәні бойынша онлайн режимде лекция оқыды.

26-27 сәуір 2019 жылы 3 курс 102-86 оқу тобының студенті Зухриддинова Фатима Павлодар қаласындағы Инновациялық Евразия университетіне «Воспитания гражданина мира: Познание через анллийский язык» атты Халықаралық ғылыми-практикалық  конференция КazTEA «Стили и стратегии обучения школьников» тақырыбында ағылшын тілінде  сабақ жүргізіп, сертификатка ие болды. 

Н.С. Исалиева 102-16 оқу тобында ашық сабақ өткізді. «Бастауыш сынып пәндерінен дидактикалық материалдарды жаңартылған бағдарлама негізінде дайындау» пәнінен ашық сабақ өткізуде оқытудың жаңа технологиялары, соның ішінде эксперименттік, балық, өрмекші  әдістерін қолданды. Оқытушы аудиторияда өзін еркін және студенттермен педагогикалық қарым-қатынаста демократиялық стиль ұстанды.

2018-2019 оқу жылында бірнеше оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.

И.Д. Сауытбаева 102-16 оқу тобымен ашық өткізді. Қазіргі технологияларды пайдаланып өткен сабақ өз деңгейінде өтіп, мақсатына жетті.

 Дәстүрлі бағалау және критериалды бағалаудың ерекшеліктері

 

  Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы 5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша ҚР МЖМБС (6.08. 059-2010 енг. мерзімі 01.09.2011, 6.08. 058-2010 енг. мерзімі 01.09.2011) типтік бағдарламаларымен қамтамасыз етілген.

     Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасында 2015-2016 оқу жылының I жартыжылдығында Алматы қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында  ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (240 сағат) бойынша магистр оқытушылар Ұ.Б.Ахатаева (05.10.15-17.10.15), А.С.Елмуратова (21.09.15-03.10.15),   Германия мемлекеті,  қаласында  п.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Ибашова (23.11.15-05.12.15), п.ғ.к., доцент Ш.Ж.Арзымбетова Испания мемлекеті, мемлекетінде 2 апта көлемінде біліктілікті арттыру курсынан  өтті.

         Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР ПҚБАДБ негізінде дайындалған педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша  магистр оқытушы И.Д.Сауытбаева (23.11.15-05.12.15) курсқа қатысты. 

         Оқыту сапасын көтеру және тәжірибелі оқытушылардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында кафедрада өзара сабаққа қатысу және ашық сабақтар кестелері құрастырылған және бекітілген. Ашық сабақтар кафедра мәжілісінде талданып, ол тіркеу журналында уақтылы толтырылды.

б.ғ.к.,аға оқытушы Л.А.Акынованың (13.11.2015ж)  102-13,23,33 оқу топтарында  өткен  «Жануарлар әлемінің алуан түрлері мен эволюциясы»  атты  ашық сабағына   кафедра  оқытушылары  қатысты.

Магистр-оқытушы  И.Д. Сауытбаеваның (03.12.2015ж) 102-14  тобында «Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар»  тақырыбындағы  ашық сабақ өткізді.

п.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Ибашованың «Методические о сновы обучение информатике в начальных классах» монографиясы, п.ғ.д., профессор А.Жапбаровтың «Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері: логикалық амал тәсілдер» оқу құралы, магистр оқытушы И.Д.Сауытбаеваның «Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік нұсқауы,  п.ғ.к., доцент Ж.А.Байымбетованың «Кәсіби (қазақ) тілі» оқу құралы баспадан шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Бастауыш білім және педагогика факультетіне қарасты «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының   аға оқытушылары  ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева,  п.ғ.к. А.Б.Ибашованың  ұйымдастыруымен   «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы бастауыш сынып оқушыларын оқытудың өзекті мәселелері» атты Республикалық онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Сырдария университеттерінің,  Көкшетау қаласындағы НЗМ ААҚ-ның педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, Қостанай  қаласындағы НЗМ ААҚ-ның педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданынының Свердловская атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы № 8 В.Комаров атындағы мектеп,    Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал  ауданы «Мырзакент» мектеп-гимназиясы, ОҚО «Өрлеу» БАҰО АҚФ ПҚБАИ оқытушылары мен әдіскер-мұғалімдері қатысты.

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Бастауыш білім және педагогика факультетіне қарасты «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының   аға оқытушылары  ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева,  п.ғ.к. А.Б.Ибашова  Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы Әдістемелік кабинетінің әдіскерлерімен бірлесе отырып «Білім негізі – бастауышта» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге облыс аудандарының  тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері және  факультеттің 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Студенттер педагогикалық іс-тәжірибе алдында жаңартылған білім бағдарламасымен сабақ беретін озат мұғалімдердің тәжірибесімен танысып,  оқу орнында алған теориялық білімдерін пайдаланып, шеберлік сыныбын көрсетті.

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  Бастауыш білім және педагогика факультетіне қарасты 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері «Ғылым мен білім» ғылыми ынтымақтастық Халықаралық орталығы өткізген «Үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары – 2016»  атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конкурсқа қатысып,  I және  II дәрежелі дипломдарға және  сертификаттарға ие болды,  ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Ғылыми мақалалары  РИНЦ-те  саналатын  ELIBRARY.ru электрондық  кітапханасына ендірілді.

  1. I  дәрежелі диплом – Абжапбар Назым, Ануарбек Жазира, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1 курс студенттері, ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Ибашова А.Б., ф.ғ.к.  Оразбаева Э.Б.
  2. II дәрежелі диплом  – Шамұратова Арайлым, Ташимбаева Ұлбосын, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенттері, ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Ибашова А.Б., аға оқытушы Алиева К.С.
  3. II дәрежелі диплом  – Мүсілім Құралай, Тоғайбек Айдана, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенттері, ғылыми жетекшілері: магистр-оқытушылар Есназар А., Қаратаев Н.   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты  Бастауыш білім және педагогика факультетінің «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары, п.ғ.к. А.Б.Ибашова  және ф.ғ.к. Э.Б. Оразбаева «Ғылыми дискуссия: өзекті мәселелер, жетістіктер және инновация» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысып,  «Инновациялық ғылыми ізденістер» аталымы  бойынша  I  дәрежелі дипломға ие болды.   Ғылыми мақала  РИНЦ-те  саналатын  ELIBRARY.ru электрондық  кітапханасына ендірілді.