ҰЗАҚОВА АЙНАГҮЛ

ҰЗАҚОВА АЙНАГҮЛ

педагогика ғылымдарының кандидаты

Ұзақова Айнагүл Сламқызы 1991 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын үздік бітірген соң, «Еңбекке баулу» кафедрасына «Еңбек және жалпытехникалық пәндер мұғалімі» мамандығы бойынша жас маман ретінде қабылдады. Жоғары оқу орынында жұмыс атқару барысында А.Ұзақова ғылыми-зерттеу жұмыстарымен  айналысты, студенттермен тәлімгерлік жұмыстар жүргізді.

1998-2002 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан мемлекеттік университетінің «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасында сырттай оқу бөлімінің аспирантурасында оқып, п.ғ.д., профессор К.Ә.Дүйсенбаевтың жетекшілігімен ғылыми іздену жұмыстарымен айналысты.

Қазіргі уақытта А.С.Ұзақованың кафедра базасындағы п.ғ.к.,аға оқытушылық қызметі нәтижелі және сапалы еңбектерімен сипатталады. Кафедра және жаратылыстану  педагогикалық факультеті деңгейіндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ғылыми  және тәрбие жұмыстарында ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін көрсетіп келеді. Академиялық топ тәлімгері ретінде факультет деңгейінде «Ең үздік тәлімгер» және университет деңгейінде  «Ең үздік лектор» атанды. Ғылыми зерттеу, студенттердің ғылыми және оқу зерттеу жұмыстарын, сапа менеджменті жүйесін жете меңгерген, қазіргі кезде кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыстарының төрайымы қызметін атқарды.

  А.С.Ұзақова 2010 жылы п.ғ.д., профессор К.А.Дүйсенбаевтың жетекшілігінде  «Жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация  қорғады.  Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 54 ғылыми - әдістемелік еңбек жазды. Олар ғылыми басылымдарда, ТМД елдері мен Қазақстан Республикасы көлеміндегі ғылыми-практикалық, республикалық, халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциялардың жинақтарында жарық көрген. Олардың ішінде жеке өзі және студенттерге жетекшілік етуде жүлделі орындарға ие болғандары да бар. Сонымен қатар виртуальды  лабораториялық жұмыстар да көрініс тапқан. А.Ұзақова Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша кәсіптендіру циклы бойынша авторлық бірлестікте  3 типтік оқу бағдарламасын, «Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» және «Тігін бұйымдарының технологиясы» пәндерінен кейс жинағы, студенттердің өзіндік жұмыстары, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірлеген.