МОЛДАХМЕТОВА ЖАНАР

МОЛДАХМЕТОВА ЖАНАР

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Молдахметова Жанар Ескендірқызы 1969 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы М.Мәметова атындағы №35 орта мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектепте пионер вожатый болып еңбек жолын бастады.

1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітірді. 1994-1997 жылдары Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аспирантурасында оқыды.

 1999  жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтына  оқытушы қызметіне қабылданды. 2001 жылы «Динамика межэтнических процессов 20-30-х годов ХХ века в Казахстане» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

2004-2006 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында Қазақстан тарихы кафедрасының  меңгерушісі, 2006-2008 жылдары кафедра доценті қызметін  атқарды. 2008 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқаруда.