ТӘҢІРБЕРГЕНОВ ӘДІЛБЕК

ТӘҢІРБЕРГЕНОВ ӘДІЛБЕК

техника  ғылымдарының кандидаты

Тәңірбергенов Әділбек Жұматайұлы   1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Келес өңіріндегі Абай атындағы шаруашылықта дүниеге келді.

1976-1986 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Келес өңірі №103  Т.Рысқұлов орта мектебін бітірді.

1987-1989 жылдары Кеңес Қаулы күштері қатарында әскери борышын өтеді.

1989-1994 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика, информатика және есептеуіш техникасы мамандығы бойынша бітіріп шықты.

 Еңбек жолын 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оқытушылықтан бастады. 1995-1998 жылдар Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының аспирантурасында оқыды.

2004 жылы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы Д05.17.08 диссертациялық кеңесте химиялық технологияның процестері және аппараттары мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.