ДИНАШЕВА ЛӘЗЗАТ

ДИНАШЕВА ЛӘЗЗАТ

тарих ғылымдарының кандидаты

  Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы 1969 жылы Шымкент облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Ә.Жанкелдин атындағы орта мектептің 1-сыныбына барды. 1986 жылы Л.Жолдасов атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1986-1988 жылдары Ғ.Мұратбаев атындағы орталау мектепте мұғалім болып қызмет атқарды.

  1988 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетіне оқуға түсіп, оны 1993 жылы бітіріп шықты. 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан Шығыстану институтына оқытушы болып қызметке тұрды. 1994-1999 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ аспирантурасында оқыды.

  Л.С.Динашева тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Жолдасовтың жетекшілігімен 1999 жылы ҚР Ғылым академиясында «Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанда жүргізген қоныс аудару саясаты: жаңа көзқарас (1867-1917 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

  Л.Динашева 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан шығыстану институтында оқытушы,  2003-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты тарих факультетінің бүкіл әлем тарихы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

Л.Динашеваның 40-қа жуық ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқу-әдістемелік және көмекші оқу құралдары жарық көрген. Оның Ресей тарихы, Қытай тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихына байланысты оқулықтары мен оқу құралдары бар.

Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бүкіләлем тарихы кафедрасында доцент қызметін атқаруда.