ИБАШОВА АЛЬМИРА

ИБАШОВА АЛЬМИРА

педагогика ғылымдарының кандидаты

Ибашова Альмира Байдабекқызы 1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Обручевка  ауылында дүниеге келді. 1976-1986 жылдары М.Горький атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірді. 1986 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1991 жылы математика және ЕТ мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

1991-1992 жылдары М.О.Әуезов атындағы орта мектепте математика және информатика мұғалімі қызметін атқарды. 1992-1996 жылдары  М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының алгебра, информатика және ЕТ кафедрасына  кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды. 1996-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында, Академиялық Инновациялық университетте аға оқытушы қызметін атқарды.

2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  диссертациялық кеңесінде Педагогика және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі /информатика/ мамандығы бойынша “Методические основы обучения информатике учащихся первых двух лет начальной школы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

А.Ибашова халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап тұрады. Оның 15 ғылыми мақаласы жарық көрген. Олар Қазақстан Республикасы және шет ел басылымдарында жарияланған.  Сонымен қатар А.Ибашова 2 оқу-әдістемелік құралдың, 1-7 сынып оқушыларына информатика пәніне арналған жұмыс дәптерлерінің авторы.