ҚОЗҒАНБАЕВА ГҮЛНӘР

ҚОЗҒАНБАЕВА ГҮЛНӘР

тарих ғылымдарының кандидаты

Қозғанбаева Гүлнәр Бестібайқызы 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Ленгір қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 орта мектепке оқуға барып, оны 1985 жылы аяқтаған.

1985 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетінде оқуға түсіп, оны 1990 жылы тарих және педагогика мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1991 жылы Шымкент қаласындағы облыстық аурухананың санаториялық мектебінде мұғалім болып бастады.

1994-1998 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан университетінің аспирантурасында оқыды. 1999 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан бөлімінде Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.              

1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы археология және этнология институтының ғылыми кеңесінде «Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1999-2000 оқу жылында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан бөлімінде аға оқытушы, 2000-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ  Шымкент институты тарих факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

Г.Қозғанбаеваның 30-ға жуық ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқу-әдістемелік және көмекші құралдары жарық көрген.

Қазір Қазақ мемлекеттік қыздар институтының Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқаруда.