БЕРДАЛИЕВА АҚМАРАЛ

БЕРДАЛИЕВА АҚМАРАЛ

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Бердалиева Ақмарал Мақұлқызы 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Алмалы ауылында туылған. 1985 жылы №11 Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1986-1991 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының химия және биология мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқыды. Студенттік жылдары факультет комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстар атқарды.

1992-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  биология кафедрасында аға оқытушы қызметінде жүріп, факультеттің әйелдер кеңесінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласты.

2007 жылы Оңтүстік-батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор  Н.Н.Әлібаевтың жетекшілігімен «Алтын реңді сұр қаракөл қозыларын тұқымға іріктеу әдістері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2008-2010 жылдар аралығында Академиялық инновациялық университетте аға оқытушы болып қызмет атқарды.

2011 жылдың 1 қыркүйегінен бері Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте аға оқытушы қызметін  атқарып келеді. 28 ғылыми мақаласы, 30 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.