КЕМЕЛБЕКОВ ҚЫНАТБЕК 

КЕМЕЛБЕКОВ ҚЫНАТБЕК 

философия ғылымдарының кандидаты

Кемелбеков Қынатбек Бердалыұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян селосында  дүниеге келді.

1974-1984 жылдары Шаян селосындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті оқыды. 1985-1992 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының тарих факультетінде оқып, тарих және педагогика мамандығы бойынша  бітіріп шықты.

1986-1988 жылдары Кеңестік әскер қатарында азаматтық борышын өтеді. 1992-1993 жылдары Шымкент қаласындағы №25 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1993 жылы ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясы философия және саясаттану кафедрасына ассистент ретінде жұмысқа қабылданды. 1996 жылы осы аталмыш кафедрада аға оқытушылық қызметке өтті. 1996-2000 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінің заң факультетінде оқып, үздік дипломмен бітіріп шықты.

2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетіндегі К-14А.02.19. диссертациялық кеңестің мәжілісінде философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2005-2006 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің философия кафедрасында доцент қызметін атқарды.

2000 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі жанында құрылған лекторлар тобының мүшесі. Бірнеше рет (1999, 2003, 2004, 2006 ж.ж.) Президенттік, Парламенттік, Мәслихат сайлау кезеңдерінде №110 сайлау учаскесінде төрағалық қызмет атқарды.

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің педагогика факультетінің деканы, 2008 жылы қыркүйек айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін аталмыш оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, 2009 жылының наурыз айынан Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. 

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Философия пәні бойынша 1 оқу әдістемелік құрал, 1 оқу құралын, 1 монография, тест сұрақтарын,  50-ден астам ғылыми мақалалар жазған.