БЕЙСЕНБАЕВ САДЫБЕК

БЕЙСЕНБАЕВ САДЫБЕК

педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы 1966 жылы Бәйдібек ауданы, Бөген совхозы, Бестоғай ауылында дүниеге келді. 1973-1983 жылдары Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алды. 1983 жылы Алғабас кеңшарында жұмысшы болып, 1984-1986 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1986 жылы Шымкент қаласындағы орталық саябаққа суретші қызметіне қабылданып, кейіннен аға суретші қызметіне ауыстырылады.

1987 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының көркем-сурет және графика факультетіне оқуға түсіп, 1992 жылы сурет кафедрасына жас маман ретінде қалдырылды. 1995-1998 жылдары  аспирант, 1998-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өнер факультеті деканының орынбасары, аға оқытушы, 2003-2004 жылдары аталған факультеттің киім дизайны кафедрасының меңгерушісі болып істеді.

2000 жылы Мәскеу қаласында 13.00.02 мамандығы бойынша «Формирование пространственных представлений у учащихся в процессе изучения произведений изобразительного искусства» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2004 жылдың ақпан айынан М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де кескіндеме және дизайн кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылы 13.00.02 мамандығы бойынша «Методика специальной подготовки будущих учителей изобразительного в процессе обучения рисунку и живописи» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

18 магистрлік диссертацияға жетекшілік жасаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін  дамытуға  қосқан зор үлесі  үшін  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі, 2011 жылдың ҚР БжҒ министрлігінің ең үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері.

Қазіргі таңда 100-ге жуық ғылыми мақалалардың, 1 монография, 2 альбом-монография, 5 оқу құралының, 5 кейс, сонымен қатар 6 электрондық кітаптың авторы.

С.Қ.Бейсенбаев 2012 жылдың сәуір айынан М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді.