СҮГІРБАЕВА ГҮЛЖАН

СҮГІРБАЕВА ГҮЛЖАН

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы  1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Шымкент қаласындағы №8 орта мектептің 1-сыныбына барып, 1982 жылы Ленгір қаласындағы №5 мектепті бітірген.

1982-1987 жылдары Шымкент қаласындағы Н.К.Крупская атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетінде оқып, тарих пәнінің мұғалімі біліктігін алды.

Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қаласындағы №41 орта мектепте тарих пәнінің  мұғалімі болып бастады. 1988-1993 жылдары №29 орта мектепте мұғалім қызметін атқарды. 1994-1995 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінде  жалпы тарих кафедрасында оқытушы қызметінде болды. 1995-1998 жылдары Қазақ ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аспирантурасында оқыды. 2000-2002 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ бүкіләлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 2002-2010 жылдары кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

  Г.Д. Сүгірбаева 2000 жылы «Узбекское население Казахстана в 20-30-е годы ХХ и проблемы истории и культуры» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

  Г.Сүгірбаева орта мектептерге арналған «Қазіргі заман тарихы», «Новейшая история», «ХХ ғасырдағы дүние жүзі тарихы», «Мир в ХХ веке» оқулықтарының авторы.

2009 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.