ЕРЛАН  ЖАНДАРБАЙ

ЕРЛАН  ЖАНДАРБАЙ

халықаралық байқаулардың лауреаты, опера әншісі

 Жандарбай Ерлан Жұмаділдәұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан, Отырар ауданының Көксарай ауылында туылған. 2000-2004 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ды музыка және ән салу мамандығы бойынша бітірген. 2005-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да камералық әнші мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі Р.Жұбатырованың класында білім алған.

2008-2009 жылдары Ренато Тебальди мен Марио дель Монако атындағы Халықаралық әншілер Академиясының (Италия) стажері. Алғашқы дебюті 2009 жылы болған. Вердидің «Травиатасындағы» Альфред, Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Төлеген, С.Рахманиновтың «Алеко» операсында Жас сыған, У.Гаджибековтың «Аршын мал алан» музыкалық комедиясында Әскер, П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде» Ленский, С.Мұхамеджановтың «Айсұлуында» әншінің және Әубәкір  рольдерін ойнады.

Е.Ж.Жандарбай 2009 жылы ХІІ Халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. 2010 жылы жеке есеп беру концертін өткізді. К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрындағы «Бәйтерек» мюзиклінде басты рольде ойнады. ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдығына орай Астанада өткен ресми концертте өнер көрсетті. 2011 жылы Польшада өткен «Музыкальный сад Рюбецаля» фестивалінің опера әншілері байқауында ІІ орын және фестивальдің «Ең үздік әншісі»  номинациясын иеленді. 2011 жылы Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Үкімет басшыларының қатысуымен Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен ресми концертке қатысты. 2012 жылы Алматыда өткен Қазақстан театр қайраткерлері одағының ұйғарымы бойынша «Жылдың ең үздік опералық және оперетталық партияларының ең үздік орындаушысы» номинациясының иегері.

 Е.Ж.Жандарбай қазір облыстық опера және балет театрының әншісі.