ЖАҚСЫБЕКОВ ӘЛДЕН

ЖАҚСЫБЕКОВ ӘЛДЕН

халықаралық байқаулардың лауреаты, эстрада әншісі

Жақсыбеков Әлден Сайлаубекұлы 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Саз колледжінің вокал класын бітіріп, 2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-ді музыкалық білім мамандығы бойынша, 2009 жылы осы университетті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірді.

Ә.С.Жақсыбеков І Халықаралық жас таланттардың «Айналайын-1996» фестивалінің лауреаты.  1996 жылы «Жас айтыскерлер мен термешілер» байқауының І орын иегері. Республикалық «Жас қанат» 2004 байқауының ІІІ орын лауреаты, Халықаралық «Азия дауысы-2004» байқауының ІІІ орын лауреаты, Халықаралық «Азия-Шанхай-2004» байқауының «Ең үздік ер дауысы» номинациясының иегері, Халықаралық «Каспий – достық теңізі-2006» фестивалі аясында өткізілген этникалық және қазіргі заман музыкасы фестивалінің вокалдық жанры бойынша ІІ орын иегері. Облыстық «Шаңырақ шаттығы 2006» фестивалінің аясында өткен «Жан азығы – ән мен күй»  жанұялық ансамблдер байқауының бас жүлде иегері. 2009 жылы Италияда өткен “Сан-Ремо”, 2008 жылы Беларуссияда өткен “Славян базары” байқауларының лауреаты.

Ә.С.Жақсыбеков Облыс әкімінің 2005 жылғы стипендиясының    иегері. 2008 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы саяси кеңесінің алғыс қағазымен марапатталған. 2008 жылы «Табысты жас қазақстандық» өңірлік жастар сыйлығының мәдениет өнер және спорт саласы бойынша «Ең үздік жас әнші» номинациясының иегері. Облыстық рухани – мәдени саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2006 жылдың «Ең үздік әншісі» болып танылды. ОҚО телеарнасы жобасының «Жұлдызды жұп» номинациясы бойынша ІІІ орын лауреаты.