БАҚЫТЖАН  АЛДИЯР

БАҚЫТЖАН  АЛДИЯР

белгілі ақын

 Бақытжан  Алдияр 1974 жылы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында дүниеге келген. 1981-1991 жылдары орта мектепте оқыды. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мектепаралық, ауданаралық түрлі байқауларға, жарыстарға қатысып, шығармашыл жастар өміріне белсене араласады. Өнерге деген қызығушылық Бақытжанды әдебиетші болуға итермелейді. 1992-1996 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетінде оқып, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіреді. Студент кезінде қазақ әдебиеті кафедрасы жанындағы «Сыр» әдебиет және өнер бірлестігінің жұмысына белсене қатысады. Ақындықтың алғашқы  қадамын айтыс өнерінен  бастайды. Қалалық, аудандық, облыстық айтыстарда жеңімпаз атанады. Институтты бітіргеннен бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы болып қызмет етіп келеді.

Б.Алдияр – Мәлік Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері. Жазба ақындық өнерге біржола бет бұрған Бақытжан Алдияр жазба ақындардың мүшайраларына қатысып, республикалық, Халықаралық жарыстарда топжарып, бірнеше рет бас жүлдеге ие болған. Қазақстан Республикасының  әдебиет саласындағы арнаулы стипендиясының екі дүркін иегері, өлеңдері төрт ұжымдық жинаққа енген. Қазақ лирикасында өзіндік қолтаңбасы бар ақын ретінде тарихи-философиялық тақырыптарды батыл көтеріп жүр. Өлеңдері ұлттық рухани дүниетаным, жауанмәрттілік, қазақи болмыс тақырыптарына жазылған.

Б.Алдиярдың «Көзайым», «Сезім кілті», «Құбыла» атты жыр  жинақтары жарыққа шыққан.