ЖАҚЫПБЕКОВА МАХАББАТ

ЖАҚЫПБЕКОВА МАХАББАТ

педагогика ғылымдарының кандидаты

Жақыпбекова Махаббат Жәнібекқызы 1972 жылы Шымкент қаласында туған. 1987-1991  жылы Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркем сурет училищесін суретші-көркемдеуші мамандығы бойынша  оқып бітірді. 

1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімін бейнелеу өнері мамандығы бойынша  бітірді.

М.Ж.Жақыпбекова 2000 жылы  Ресейде Білім Министрлігінің Жалпы білім институтында “Научно-методические основы обучения технике коллаж на материале казахского народного искусства” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Еңбек жолын 1991 жылы Шымкент педагогикалық институтында  оқытушы болып бастады.        Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-да 16 ғылыми енбектері, оның ішінде 10 ғылыми мақала, 2 тезис, 4 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген

2011-2012 оқу жылынан М.Ж.Жақыпбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім және бейнелеу өнері кафедрасында аға оқытушы  қызметін атқарады.