СӘРСЕМБАЕВА МАРИАНА

СӘРСЕМБАЕВА МАРИАНА

биология ғылымдарының кандидаты, доцент                                

Сәрсембаева Мариана Уәлиханқызы 1971 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Шымкент қаласында М. Мәметова атындағы №35 орта мектепті бітірді. Сол жылы   М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының химия және биология факультетіне түсіп, 1993 жылы химия және биология пәні мұғалімі біліктілігін алды.

Еңбек жолын 1993 жылы Шымкенттегі Дене шынықтыру педагогикалық институтында биология кафедрасының аға лаборанты болып бастады.

1994 жылдан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында биология кафедрасының оқытушысы, ал 2006 жылы аға оқытушы лауазымына ауыстырылды.

2006 жылы Алматы қаласында 03-00-16- «экология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.

2011 жылы биология ғылымдары мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

Ғылыми-әдістемелік еңбектерінің саны – 34, оның ішінде 16 оқу–әдістемелік және электронды құралы және 18 мақаласы бар.  Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 19 ж.