САПАРОВА   ЖАНАР  

САПАРОВА   ЖАНАР  

ауыл шаруашылығы ғылымдарының    кандидаты

Сапарова   Жанар   Ілиясқызы 1971 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы Келес ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастады.

1987-1988 жылдары Мырзашөл СПТУ-ында лаборант болып қызмет істеді.

1989 жылы М.О. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінің химия- биология мамандығы бойынша бітірді.

1995-2000 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент институтында статист-методист. 2000-2010 жылдары осы университеттің биология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.

2004 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ізденуші ретінде кандидаттық диссертация тақырыбын алып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты.

2009 жылы «Сұрхандариялық сұр түсті қаракөл қойының аталық тізбелері ұрпағының сапасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Алғаш рет Қызылорда облысының жағдайында қабырға гүлді сұрхандария сұры, қола реңді қаракөл қойының асыл тұқымды малдарды өсіру және бірінші сортты елтірі сапасын арттырудың желілік жолмен өсіру әдісін жасап, өндіріске енгізді.

Қабырға гүлді сұрхандария сұры, қола реңді қаракөл қойының биологиялық және өнімді ерекшелігі бойынша 20-дан аса ғылыми мақалалары және 1 өндірістік нұсқау еңбегі жарық көрді.

2010-2011 жылдары Қ.А.Ясауи ХҚТУ Шымкент Институтында доцент міндетін атқарушы қызметінде болды. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің химия, биология және экология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.