БЕГАЛИЕВА РАУАН

БЕГАЛИЕВА РАУАН

 педагогика ғылымдарының кандидаты

 Бегалиева Рауан Нармаханқызы  1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында дүниеге келді. 2001 жылы Темірландағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті үздік бітірді.

2001-2006 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, оны қызыл дипломмен аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті колледжінде педагогика және филология ПЦК-да қазақ тілі пәнінің оқытушысы қызметінен бастады. 2012 жылдың сәуір айынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі  және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы қызметін атқаруда.

2010 жылы п.ғ.д., профессор Г.Еркебаеваның жетекшілігімен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау  мемлекеттік университеті жанындағы Д 14.61.27 Диссертациялық Кеңесте «Қазақ мектебіндегі 5-сынып оқушыларының тіл мәдениетін антонимдер  сөздігі арқылы дамыту әдістемесі» деген тақырыпта диссертациясын табысты қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Р.Н.Бегалиева «Қажымұқан қағанаты», «Батамен бағың ашылсын» кітаптарының құрастырушысы, 5-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі антонимдерінің түсіндірме сөздігінің»,  6-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» атты электрондық оқулығының және 18 ғылыми мақаланың автор