ЖУСИПОВА ГҮЛМИРА

ЖУСИПОВА ГҮЛМИРА

биология ғылымдарының кандидаты

Жусипова Гүлмира Тұрдықызы 1970 жылы Ордабасы ауданы Қараспан кеңшарына қарасты Семхоз елді мекенінде дүниеге келген.

1986 жылы Қарағанды қаласындағы № 2 Н.Нұрмақов атындағы орта мектепті бітірген. 1986-1991 жылдары Шымкент педагогикалық институтының күндізгі бөлімінде оқып, 1991 жылы химик-биолог мамандығы біліктілігін алған. Ұстаздық қызметін 1988 жылы ОҚО Ленгір ауданындағы Блинково орта мектебінде химия, биология пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 1991-1992 жылдары Қарағанды облысы п. Осакаровкада химия, қазақ тілі пәндерінің мұғалімі. 1993-1994 жылдары ОҚО Сайрам ауданының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде химия, биология пәндерінің мұғалімі.

1994-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында жалпы биология кафедрасында аға оқытушы. 1998-2000 жылдары Қарағанды экономикалық университетінің заңгер мамандығы бөлімінде оқып, экономика саласын құқықтық реттеу біліктілігін меңгерді. 

 2008 жылдан бастап, Халықаралық гуманитарлық-техникалық  университеттің химия, биология және экология кафедрасының меңгерушісі, 2009 жылы экономика және құқық сырттай оқыту факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

2009 жылы Алматы қаласында Қазақ тағамтану академиясы жанындағы Біріккен диссертациялық кеңесте «Лактопероксидаза жүйесін белсендіру арқылы сүттің бактерицидтік фазасын ұзарту» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, гигиена мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2010-2016 жылдар аралығында ХГТУ-нің жаратылыстану-техникалық факультетінде декан қызметі, 2016ж. ХГТУ оқу-ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

Г.Жусипованың 30-дан астам мақаласы ғылыми журналдарда жарияланды. 12 оқу-әдістемелік нұсқауы, 4 оқу құралы баспадан шыққан. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте қызмет атқару барысында химия, биология мамандықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда аянбай еңбек етті. Университет ішінде мамандыққа қажетті 300 өсімдік қамтылған оранжерея ашты. Химиядан мамандандырылған мектеп зертханасын ұйымдастырып ашуға белсене қатысты. Өсімдіктер систематикасы пәні бойынша ОҚО өсімдіктерінің гербарий қорын дайындатып, арнайы оқу кабинетін ашты.

2019 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қызметін атқаруда. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 31 жыл.