БОТАБАЕВА ЖАННА

БОТАБАЕВА ЖАННА

филология  ғылымдарының  кандидаты

 Ботабаева Жанна  Нұралықызы 1970 жылы Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Түлкібас  ауданында  дүниеге  келген.

1977-1987 жылдар аралығында  Шымкент қаласындағы  № 32 орта  мектепті  бітірді.  1988-1993 жылдар аралығында  Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті  Шымкент институтын  ұлттық мектептердегі  орыс  тілі  мен  әдебиеті мамандығы бойынша үздік  дипломмен  бітірді.  Еңбек  жолын 1993 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті  Шымкент институтының әлем  әдебиеті  кафедрасында аға  оқытушы  қызметінен  бастаған. 

2006 жылы  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің диссертациялық  кеңесінде филология  ғылымдарының  докторы, профессор К.Сыздықовтың  жетекшілігімен «Ш.Айтматов, К.Мұхамеджанов және М.Шахановтың әдеби-публицистикалық байланысы» тақырыбында  кандидаттық диссертация  қорғаған. Ж.Н.Ботабаеваның  негізгі  ғылыми-зерттеу  жұмысы қазақ тілі мен әдебиетін дамытуға, филология мәселелерін ғылыми және әдістемелік тұрғыдан зерттеуге, әдебиеттердің  өзара  байланысын айқындауға бағытталған.

 Ж.Н.Ботабаева 2006-2007 оқу жылынан бері  Шымкент  университетінде қызмет атқарып келеді.  2009-2010 оқу  жылынан  бастап  гуманитарлы-педагогикалық факультеттің деканы қызметінде. Ж.Н. Ботабаеваның 30-ден астам  ғылыми  еңбектері  бар. 2011 жылы  қараша айында  орыс тілі мен  әдебиеті мамандығының  студенттеріне  арналған  «Білім  беру  процесіндегі интерактивті  технологиялар» атты  оқу  құралы  жарық  көрді.  2011 жылдың  28-29 қараша күндері  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінде  өткен  «Жоғары  білім берудің жалпыеуропалық кеңістігін қалыптастыру  жолындағы  білім  беру бағдарламаларын әзірлеу  әдіснамасы» атты  халықаралық  оқыту  семинарына қатысты,  2012 жылы  9-14 сәуір  күндері  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық  университетінің біліктілікті арттыру институтында  «Жоғарғы  мектеп  менеджменті»  мамандығы  бойынша  72 сағат  көлемінде  толық  курсын  тыңдап, міндетті  оқу және  ғылыми  жұмыс  жоспарын орындады.