ҚАРСЫБАЕВ БАСТАРБЕК

ҚАРСЫБАЕВ БАСТАРБЕК

педагогика ғылымдарының кандидаты

Қарсыбаев Бастарбек Тоқтарұлы 1968 жылы Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Восход кеңшарында дүниеге келген.

1989-1994 жылдары М.О.Әуезов атындағы Шымкент  педагогикалық институтын (кейіннен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтын) инженер-педагогика факультетін жалпытехникалық пәндер және еңбек мамандығы бойынша, 2000 жылы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1994-1997 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында оқытушылық қызметтен бастаған. 2000 жылдан бастап Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде ректордың көмекшісі, компьютер орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарып, 2006 жылдан бастап сыртқы қатынастар және коммерция жөніндегі проректор қызметін атқарып келеді.

2006 жылдың 3 шілдесінде Мәскеу қаласында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Д 212.154.03 диссертациялық кеңесінде "Развитие художественного творчества учащихся 5-7 классов на занятиях изобразительным искусством" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

 30-дан астам ғылыми еңбектері және 3 оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталған.