ОМАРОВ ТОҒАТАЙ

ОМАРОВ ТОҒАТАЙ

филология ғылымдарының кандидаты

Омаров Тоғатай Қалтайұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көкмардан ауылында дүниеге келген. 1974-1984 жылдары сол ауылдағы Ильич атындағы орта мектепті  бітіріп, еңбек жолын аталған совхоздың механикалық цехында көлік жөндеушісі болып бастаған.

1985-1987 жылдары әскери борышын өтеп келген соң, 1989 жылға дейін Көкмардан ауылдық құрылыс цехында жұмысшы болып істеген.

1989 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, жас маман ретінде филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылған.

1995-1998 жылдары Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы №36 кәсіптік-техникалық училищеде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 1999-2000 жылдары Шымкент қаласындағы «Мұрагер» институтында аға оқытушы, 2000-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде аға оқытушы болып қызмет істеген.

2004 жылдан бері М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.

Т.Қ.Омаров 2008 жылы ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Омаровтың жетекшілігімен «ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.  30-дан аса ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ «Жазушы Төлен Әбдіқұлының шығармашылық әлемі» атты көмекші оқу құралы 2007жылы,  «Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарды жүргізуге арналған жаттығулар жинағы» әдістемелік нұсқау 2009 жылы,  «ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары» атты монографиясы 2009 жылы  жарық көрген.