ӘШІРОВ ШАДИЯР

 ӘШІРОВ ШАДИЯР

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 Әшіров Шадияр Алдиярұлы 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы кеңшарда жұмысшы отбасында дүниеге келді.

1973-1983 жылдары өзі туып-өскен  ауылындағы ХХІ партсъезд атындағы мектепте оқып, оны үздік бітірді.  1983-1985 жылдары Эстонияның Таллин қаласында әскер қатарында азаматтық борышын өтеді.

1987-1992 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетінде оқыды. 1993-2002 жылдары өзі білім алған институтта оқытушылық қызмет атқарды.

1998-2004 жылдары Абай атындағы Қаз ҰПУ диссертациялық кеңесінде 07.00.02-Отан тарихы мамандығы бойынша т.ғ.д., профессор Ә.Н.Құдайбергеновтің жетекшілігімен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, 2004 жылы «1976-90 жылдардағы Жоғарғы білім беру жүйесінің дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

2002-2007 жылдары Отырар университетінде қызмет етті. 2007 жылдан бері Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде оқытушылық қызмет атқаруда. Ол оқытушылық қызметпен қатар әр жылдары деканның орынбасары, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды.

Ш.Әшіровтің 4 оқу құралы және 40-тан астам ғылыми мақалалары жарияланған.