ҚАБЫЛБЕКОВА  ЗАУРЕТ

ҚАБЫЛБЕКОВА  ЗАУРЕТ

педагогика ғылымдарының  докторы, профессор.

Қабылбекова Заурет Бердіқұлқызы Шымкент педагогикалық институтының  түлегі,  1985 жылы тарих және педагогика факультетін үздік бітірген. Студент кезінде осы факультеттің комсомол ұйымының төрайымының, институттың ВЛКСМ комитетінде белсенді қоғам жұмыстарын атқарған.

Еңбек жолын Түркістан қаласының  №15, Шымкент қаласының №44, №50 орта мектептерінде  бастаған. ҚР  ЛКСМ Түркістан қалалық комитетінде жалғастырып, 1993 жылдан бастап ЖОО саласында М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, профессор, психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Қазіргі кезеңде Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің педагогика және  психология кафедрасының  меңгерушісі.

2002 жылы  Астана қаласында педагогика ғылымдарының  кандидаты дәрежесін алу үшін, ал   2010 жылы Шымкент қаласында педагогика ғылымдарының  докторы  дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

З.Б.Қабылбекованың 100-ден астам ғылыми еңбектер, соның ішінде 1 монография,    20-дан астам оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар, 70-тен астам ғылыми мақалалар  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген.

2002 жылдан бастап ОҚО  әкімшілігінің Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту Орталығының белсенді оқытушысы.  «Қазақ  психологтар  Ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігі  Шымкент филиалының директоры.

ОҚО және Шымкент қаласында психологиялық курстарды қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырып, сонымен қатар өз білімін үнемі жетілдіруде. Атап айтқанда,  практикалық психология (Мәскеу, Алматы,1990), ІСМА проекті бойынша Қазақстанда жергілікті басқару ісін дамыту (Алматы, 2002), «МС ИСО 9000:2000. Менеджмент сапасының жүйесі» (РГКП ОҚМУ,2005), Евразиялық мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығының «Адам ресурстарын басқару» (Астана,2006, үздік сертификат), Европалық Психотерапия Ассоциациясының Трансперсональный интенсив (Пермь-Шымкент, 2006), Әл-Фараби ат.КазМУ-да біліктілікті жоғарылату, 2010-2012 жылдары Қазақстан Психоанализ Ассоциациясының, т.б. курстарын тәмамдаған.

З.Б. Қабылбекова «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері (1998ж.).

ҚР БЖҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері (2008ж.).

Облыстық және қалалық әкімшілігінің, ҚР балалар құқығын қорғау комитетінің, Балалар құқығын қорғау департаментінің, ОҚО білім беру департаментінің алғыс  хаттарымен марапатталған.