ЖАҚЫПБЕКОВА ГҮЛНӘР

ЖАҚЫПБЕКОВА ГҮЛНӘР

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жақыпбекова Гүлнәр Төреханқызы 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан  облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Жаңабазар селосындағы М.Горький атындағы орта мектепті бітірді.

1982-1987 жылдары Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетiнде оқып, оны математика және физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздiк дипломмен бiтiрген.

1987-1993 жылдары Шымкент облысы, Қазығұрт ауданы, М.Горький атындағы №3 лицей-мектебiнде математика, физика, информатика пәндерiнiң мұғалiмi қызметтерінде болды. 1993-1994 оқу жылында Шымкент педагогикалық институты алгебра, информатика және есептеу техникасы кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 1994-1996 жылдары аспирантурады оқыды. 1996-2000 жылдары аталған оқу орнының  информатика және есептеу техникасы кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде «Математика сабақтарында дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру әдiсiн пайдаланып оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамыту» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

  2000-2005 жылдары информатика және есептеу техникасы кафедрасында аға оқытушы, 2002-2006 жылдары бағдарламалау және есептеу техникасы кафедрасының меңгерушiсi, аталған кафедраның доценті қызметінде болды. 2007-2010  жылдары ақпараттандыру кафедрасының доценті қызметін атқарды.

Г.Жақыпбекованың 60-тан астам мақалалары мен оқу-әдiстемелiк құралдары жарық көрген. Оның 2010 жылы баспадан шыққан “Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі” атты оқу құралы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен типтік бағдарлама негізінде жазылып, информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен қазақ тіліндегі әдебиеттер  қатарын толықтырды.