САТЫБЕКОВА ЭЛЬМИРА

САТЫБЕКОВА ЭЛЬМИРА

социология ғылымдарының кандидаты, доцент

Сатыбекова Эльмира Сұлтанбекқызы 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Шымкент қаласындағы №8 орта мектепті бітірді, 1986 жылы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1990 жылы тарих және қоғамтану мамандығы бойынша біліктілік алып шықты.

Э.Сатыбекова еңбек жолын 1990 жылы ҚР ҰҒА тарих, археология және этнография институтында ізденуші болып бастады. 1991-1993 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың социологиялық лабораториясында инженер-социолог қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Академиялық инновациялық университеттің философия кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді.

2004 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертация қорғады.

Э.Сатыбекова - жиырмадан астам ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ ол ОҚО Әкімі жанындағы «Отбасы және гендерлік саясат» жөніндегі комиссияның  және ОҚО әкімдігінің ішкі саясат департаментінің тапсырысы бойынша әлеуметтік зерттеулерге арналған бағдарламалар әзірледі. Э.Сатыбекова Қазақстан социологтарының І және ІІ Конгрестеріне қатысып, баяндамалар жасады.