ЖОРАБЕКОВ СЕРІК

ЖОРАБЕКОВ СЕРІК

ҚР Мәдениет қайраткері         

 Жорабеков Серік Құлышұлы  1963 жылы Түркістан қаласы, Абай кеншарында туылған. 1980 жылы Абай орта мектебін бітірген. 1985-1990 жылдары Шымкент педагогикалық институтын  көркем сурет және графика мамандығы бойынша үздік бітірген. 1990 жылдан Шымкент педагогикалық институтында сұңғат және сурет пәндерінен дәріс берген.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің концерттік бірлестігі, көркем-сурет галереясының жетекшісі болып қызмет атқарған. Облыстық, республикалық және шетелдік көрмелерге үзбей қатысып, бірнеше көрмелерде жүлдегер атанып, марапатталған.

Елбасымыздың резиденциясында «Ғасырлар үні» (триптих), «Абылайхан» және «Төрт қақпалы Түркістан» атты туындылары ілулі тұр. Қазақ өнеріндегі алғашқы  «Қазақ елі» картина эпопеясын жасауға қатысқан белді суретші.

С.Қ. Жорабеков 2012 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы Суретшілер одағының төрағасы.