РУСТАМБЕКОВА МҰХАББАТ

РУСТАМБЕКОВА МҰХАББАТ

педагогика ғылымдарының кандидаты

Рустамбекова Мұхаббат Ерубайқызы 1962 жылы туған. 1980-1985 жылдарда Шымкент педагогика институтын тарих және қоғамтану мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Еңбек жолын орта мектепте мұғалім болып бастады. Білім беру саласында 2008 жылға дейін еңбек етті. 2008 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жалпы тарих кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарып келеді.

2006 жылдан бастап «Саттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері (тарихи бағыт)» деген тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде бүгінгі таңда 16 ғылыми еңбегі жарық көрді. 2010 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Қазіргі таңда жоғарыда аталған оқу орнында ғылыми педагогикалық қызмет атқаруда.