АЛТАЕВ БОЛАТТЕМІР

АЛТАЕВ БОЛАТТЕМІР

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Алтаев Болаттемір Әмірұлы 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келді. 1978 жылы орта мектепті бітірген соң өзінің туған ауылында, С.Сейфуллин атындағы колхозда жұмыс істеді. 1980-1985 жылдары Шымкент педагогика институтының тарих және педагогика факультетінде оқыды. 1985-1990 жылдары Төлеби аудандық халыққа білім беру саласында қызмет атқарды. 1990-1993 жылдары Алматы қаласындағы ҚР ҰҒА тарих және этнология институтының аспирантурасында оқып, 1994 жылы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының этно-экономикасы» деген тақырыпта диссертация қорғады. 1994-2002 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарды. 2002-2005 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Жалпы тарих кафедрасының доценті, 2006-2012 жылдары М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-да саясаттану кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Б.Алтаев үш ғылыми монография, жеті оқу құралы, ондаған ғылыми әдістемелік оқу құралдары, екі жүзге жуық ғылыми мақалалар жариялады. Б.Алтаевтың ғылыми еңбектері алыс және жақын шетелдерде (Франция, Россия, Украина, Өзбекстан т.б.) арнайы басылымдарда жарияланған.

Б.Алтаев 2005 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Республикалық, облыстық басылымдарда ғылыми көпшілік мақалалар жариялап тұрады.