ӘБУОВ АЙДАР

ӘБУОВ АЙДАР

философия  ғылымдарының докторы, профессор

Әбуов Айдар Парқұлұлы 1960 жылы дүниеге келген. ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор.

1982 жылы  Шымкент педагогика институтын тарих мамандығы бойынша бітірген, 1982-1984 жылдары Жетісай ауданы мектептерінде тарих пәнінің мұғалімі, 1984-1985 жылдары Сырдария педагогика институтында тарих пәнінің оқытушысы болып істеді.

1985-1986 жылдары Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі, 1986-1990 жылдары  Мәскеу қаласы МХШИ-дің аспирантурасында оқыған. 1991-1994 жылдары Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы, доцент, 1994-1997 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, 1997-1998 жылдары ХҚТУ Президентінің кеңесшісі, 1998-2002 жылдары ХҚТУ түркология ҒЗИ-ның директоры, философия кафедрасының меңгерушісі, 2002-2004 жылдары  ХҚТУ халықаралық байланыс факультетінің деканы, 2004-2005 жылдары – ХҚТУ оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.

2005-2008 жылдары – Астана қаласы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының профессоры. 2008 жылы қыркүйек айынан осы уақытта дейін – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры.

Әбуов А.П. орыс тілі мен түрік тілдерін еркін меңгерген. Қазақстан, Түркия, Ресей, Польша, Қытай, Өзбекстан елдерінде 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Суфизм, ислам, дін философиясы мәселелерін зерттеумен айналысады. Фырат (Туркия) және Варшава университеттерінде дәріс оқыған. Малайзия, Швейцария елдерінде халықаралық ғылыми форумдарға қатысқан. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің штаттан тыс профессоры болып саналады. 2007-2009 жылдары ҚР ӘМ Діни істер комитетінің сараптама тобының мүшесі. ҚР БҒМ Философия және политология институтында докторлық диссертация қорғау жөніндегі Кеңес мүшесі