КӨШЕНОВ ЖӘНІБЕК

КӨШЕНОВ ЖӘНІБЕК

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент ҚР Мәдениет қайраткері

Көшенов Жәнібек Сапашұлы 1954 жылы Түркістан ауданы, Бабайқорған кеншарында дүниеге келді. 1971 жылы В.В. Куйбышев атындағы орта мектепті бітірді.                 

1973-1975 жыл аралығында Кеңес Одағы қарулы күштерінде әскери    азаматтық борышын атқарды. 1976-1980 жылдары Шымкент педагогикалық институтын бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдан Шымкент педагогикалық институтында қызмет атқарған.

2004 жылы Мәскеу қаласында педагогика ғылымдары бойынша «Национальное изобразительное искусства как средства воспитания учасщихся I – VI класов» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылдан  ЖАК-тың доцент ғылыми атағына ие болған. Бірнеше ғылыми монографиялар мен бейнелеу өнері саласында оқу-әдістемелік құралдардың, 23-ке жуық мақалалардың авторы. Жәнібек Көшеновтің жетекшілігімен 1 ізденуші педагогика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертциясын сәтті қорғап шықты, 3 кандидаттық диссертацияға ресми оппонент болды. 2010 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Мәдениет министрлігінің жарлығымен  ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісімен марапатталды.

Қазір Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бейнелеу өнері және кәсіптік білім  кафедрасының меңгерушісі  қызметін атқарады.