ӘБУБӘКІРОВ ИСАХ

ӘБУБӘКІРОВ ИСАХ

 Әбубәкіров Исах 1950 жылы Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында туған. 1967 жылы Төлеби ауданының “1 Май” елді мекенінде орта мектепті бітірді.

Еңбек жолын 1968 жылы “Оңтүстік Қазақстан” газетінде есепші болып бастап, 1979 жылға дейін осы редакцияда әртүрлі қызмет атқарды.

1973 жылы Шымкент педагогика институтының қазақ тілі, әдебиеті факультетін, 1981 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді.

1982-1986 жылдары партия-кеңес жұмысында, 1986-97 жылдары “Білім” қоғамы облыстық басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметінде істеген. 1997 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінге дейін облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы департаменті инвестиция және сырт елдермен байланыс бөлімінің бастығы. 1999 жылдан облыс әкімшілігі Ауылшарушылығы департаментінің органы – “Ауыл ақпараты” газетінің бас редакторы.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.