АЛИЕВ РАВИЛЬ

АЛИЕВ РАВИЛЬ

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Алиев Равиль Кәрімұлы 1948 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. 1955-1965 жылдары Шымкент қаласындағы №5 М.Калинин атындағы орта мектепте оқыған. 1967-1969 жылдары Кеңес қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеді.

1970-1975 жылдары Шымкент педагогикалық  институтының тарих факультетінде оқып білім алды. 1976-1993 жылдары Шымкент педагогика институтында оқу шебері, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. 1996-2001 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті саясаттану және әлеуметтану, философия кафедрасының  меңгерушісі қызметтерінде болды.

1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Р.Алиев Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.