БАРАҚОВА САЙЛАУКҮЛ

БАРАҚОВА САЙЛАУКҮЛ

еңбек ардагері

 Барақова Сайлаукүл Жаппарқызы 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

С.Ж.Барақова 1964 жылы Түркістан педагогика училищесін, 1972 жылы Шымкент педагогика институтын, 1987 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1964 жылы Сарыағаш ауданы Сырдария орта мектебінде мұғалім болып бастады. Кейінірек аудандық комсомол комитетінде мектеп бөлімінің хатшысы, екінші хатшы қызметін атқарды. 1972-1976 жылдары облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметінде болды. 1977-1989 жылдары Келес аудандық, Шымкент қалалық партия комитеттерінің хатшысы, 2-хатшысы қызметтерін атқарды. 1989-1991 жылдары Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болды. 1991-1997 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

С.Ж.Барақова 1997-2002 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты болып сайланып, халық қалаулысы атанды.

2002-2007 жылдары облыстық білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 2007  жылдан бері «Ауыл» партиясының облыстық комитетінің төрайымы қызметін атқарып келеді.

С.Ж.Барақова комсомол, партия, совет қызметіндегі, тәуелсіздік жылдардағы қоғамдық және мемлекеттік қызметтердегі ерен еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен ҚазКСР Жоғары кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.