ЖАНПАЙЫЗОВА ЗАМИРА

ЖАНПАЙЫЗОВА ЗАМИРА

 тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 Жанпайызова Замира Мырзахметқызы 1946 жылы Өзбек КСР, Сурхандария облысы, Термез қаласында дүниеге келген. 1953 жылы Шерабад ауданындағы орта мектепте оқуды бастап, 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылындағы Ленин жолы орта мектебін бітірді.

1963-1967 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетінде оқып, тарих пәнінің мұғалімі біліктігін алды. 1967-1970 жылдары орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, 1970-1974 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттіқ мұрағатының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1974-1984 жылдары Шымкент педагогикалық институтында тарих кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.

1983 жылы Ленинград мемлекеттік университетінде аспирантураны бітіріп,   «Қазақстанның химия өнеркәсібін партиялық басқару (1966-1971ж.ж.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1989-2011 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтында, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында, Академиялық инновациялық университетте саясаттану кафедрасының доценті қызметін атқарды. З.Жанпайызованың 80-нен астам ғылыми еңбектері жарық көрген.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының қоғамдық ғылымдар кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді.