ДРЕЙЗИС  ЛЮДМИЛА

ДРЕЙЗИС  ЛЮДМИЛА

тарих ғылымдарының кандидаты

Дрейзис  Людмила Григорьевна 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір қаласында дүниеге келген. 1951 жылы Ленгір қаласындағы №5 мектептің 1-сыныбына барып, 1961 жылы бітіріп шықты.

1961-1965 жылдары Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетінде оқып, оны тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

1965 жылы Ленгір қаласындағы медициналық училищеде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, №9 орта мектепте тарих және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі, 1967 жылы Шардара қаласындағы М.Горький атындағы  орта мектептің мұғалімі, 1968 жылы Шымкент қаласындағы орта мектепте ұстаздық етті.

1969-1980 жылдары Шымкент педогогикалық институты жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы, доцент қызметтерін атқарды.