ТІЛЕУЛОВ ЭРНСТ

ТІЛЕУЛОВ ЭРНСТ

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Тілеулов Эрнст Желдібайұлы 1943 жылы Қырғызстан Республикасы, Пржевальск қаласында дүниеге келді. 1968-1972 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірді. 1968-1969   жылдары М.О.Әуезов атындағы, 1970-1971 жылдары В.И.Ленин атындағы стипендия иегері болды. 1970-1971жылы Шымкент облыстық студенттік құрылыс отрядының комиссары болды. 1971-1976 жылдар арасында Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында комсомол комитетінің хатшысы болды. 1976-1979 жылдары Мәскеу қаласындағы В.И.Ленин атындағы  ММПИ аспирантурасында білім алды.

1980 жылы «Формирование личности учителей советской школы в процессе общественной деятельности студентов педагогических институтов» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

1980-1996 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, 2003-2006 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы, 2006-2011 жылдары дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, 2011-2012 оқу жылы жастар саясатының тәрбиелеу бөлімі басшысының міндеттерін атқаруда.

161 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде “Дене тәрбиесі мен спорт ілімі мен әдістемесі” (2003ж), “Дене тәрбиесі спорт ілімі мен әдістемесі” (2009ж), “Физкультурно-оздоровительные и спортивно – массовые мероприятия в ВУЗе” (2011ж) атты оқу құралдары жарық көрді.

“Фашистік Германияны жеңгеніне 20 жыл” (1965ж), “За доблестный труд” (1965ж), “За доблестный труд” төсбелгілерімен (1971ж), Қаз ССР-нің ағарту ісі министрлігінің мақтау қағазы (1974ж), Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі (2000ж), “Қазақстан Республикасының Дене тәрбиесі  мен спорт саласындағы ерен еңбегі үшін” атақтарын иеленді және ОҚО маслихатының Мақтау қағазы мен “Кәсіподаққа еңбек сіңірген қызметкер” белгілерімен марапатталды.