НИЯТОВ ДҮЙСЕНБЕК

НИЯТОВ ДҮЙСЕНБЕК

 еңбек ардагері

Ниятов Дүйсенбек 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Орбасы  ауданы, Шұбар ауылы, Тоқсансай елді мекенінде дүниеге келген.

1961 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түскен. ЖОО-да оқып жүргенінде Совет Армиясы қатарына шақырылып, институтты 1968 жылы бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1968 жылы Бәйдібек ауданы Қ.Сыпатаев атындағы орта  мектепте мұғалімдік қызметтен бастады. 1972 жылы осы мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары болды. 1978 жылы Алмалы орта мектебінде, 1981 жылы Жамбыл атындағы орта мектебінде директор қызметін атқарды.

Бәйдібек ауданының білім бөлімінің меңгерушісі  қызметін 1985 жылдан 2005 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін абыроймен атқарды. Жұмысты мектеппен,  мектеп директорларымен тығыз байланыста жүргізіп, бірнеше облыстық, аудандық семинар-кеңестер ұйымдастырып өткізді. Ол білім бөлімін басқарған жылдары оқушылардың білім деңгейін көтеру негізгі іс-шараларға әрдайым арқау болды. Соның нәтижесінде аудан оқушылары республикалық, аудандық пәндік  олимпиадалардан жүлделі орындарға  ие болды. Ниятов Дүйсенбек басқарған жылдары аудандық оқу бөлімі облыс бойынша  алдағы  бестіктің қатарына ілінді.

Республикалық семинарда «Мектептегі методикалық кабинеттерді жабдықтау» деген тақырыптағы ғылыми жұмысы үздік деп бағаланып білім министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Республикалық, облыстық мұғалімдер съездерінің делегаты, бірнеше рет аудандық және ауылдық кеңестің депутаты.

  Қызмет істеген жылдардағы еңбегі ескеріліп, облыстық білім депортаментінің  коллегия мүшесі болды. Білім озаты төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озық қызметкері, Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы марапаттарына ие болды.