ЖАПБАРОВ АМАНГЕЛДІ

ЖАПБАРОВ АМАНГЕЛДІ

педогогика ғылымдарының докторы, профессор

  Жапбаров Амангелді 1942 жылы дүниеге келді. 1959 жылы Төрткүл орта мектебін бітіріп, 1965 жылы Шымкент педагогикалық институттың филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.

А.Жапбаров педагогикалық қызметті бастауыш сыныптардың мұғалімдігінен бастап, жоғары оқу орнында 50 жылдай қызмет етті. Ол қазіргі Қазығұрт ауданында мұғалім, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, директор, аудандық оқу бөлімінде әдіскер қызметтерінде болды.

1983 жылдан Шымкент педагогика институтындағы пионер, комсомол жұмыстарының теориясы мен методикасы, педагогика кафедраларының меңгерушісі, филология факультеті деканының орынбасары, деканы болып қызмет етті. 1992 жылдардан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тіл білімі кафедраларының меңгерушісі, филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды. А.Жапбаров кандидаттық диссертациясын 1982 жылы Мәскеу қаласында, докторлық диссертациясын 2004 жылы Алматыда қорғаған.

А.Жапбаровтың жетекшілігімен 7 магистрлік, 6 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Сондай-ақ ол Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы докторлық қорғататын Арнаулы Кеңестің және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы Арнаулы Кеңестің мүшесі болды. Ол 7 докторлық және 11 кандидаттық диссертацияларға оппоненттік жасады.

А.Жапбаров «Қазақстан халық ағарту жұмысының озық қызметкері» белгісімен және «Жоғары оқу орнының үздік қызметкері» белгісімен марапатталған. 2010 жылы «Университеттің үздік профессоры» атанды. Ол 160-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Қазір 15 кітаптан тұратын монографиясы мен оқу құралдарынан тұратын ғылыми әдістемелік еңбектерін жазып бітірді.